Все новости и события

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға бағытталған конкурстың өткізілуі туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым Қоры» АҚ, 2017 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

ҚазҰУ ғалымдары күрделі жерде еркін жүріп, қуат көзін үнемдейтін робот гуманоидтың қозғалыс жүйесін ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Математика және механика ғылыми-зерттеу инстиутының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты А.К. Ералиевтің жетекшілігімен ізденуші-ғалымдары қиын жерлерден еркін өтетін робот гуманоидтің қозғалыс жүйесін ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы Қоғаммен байланыс бөлімі.

Қолданбалы химия институтының жетекші ғылыми қызметкері Халықаралық Мацумае қорының грантын жеңіп алды

Қолданбалы химия институтының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты Ибатаев Жарқын Әбікенұлы Халықаралық Мацумае қорының грантын жеңіп алды, енді ол Гифу фармацевтикалық университетінде (Жапония) жарты жыл бойы өз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

ҚазҰАУ ғалымдары ресурсүнемдеу технологиясын қолданып, аусыпалы егіс жағдайында рапстан мол өнім алудың жолын ойлап тапты

Қазақ Ұлттық агарлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Н.Ш. Сүлейменов бастаған ғалымдары Қазақстанның оңтүстік шығысы аумағындағы тау бөктерінде ресурс үнемдеу технологиясы бойынша рапс өсірудің рационалды жүйесін ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Қоғаммен байланыс бөлімі.

Қазақстан мен Ресей орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлады

Қазақстан мен Ресей 17 тоннаға дейін жүк көтере алатын орта санаттағы зымыран дайындауды дереу жоспарлады. Бұл туралы ресейлік вице-премьер Дмитрий Рогозин РФ  президенті Владимир Путинмен өткен жиналыстан соң мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Қайрат Қадыржанов академик: «Фукусима апатынан кейін жапондар қазақстандық ғалымдармен жұмыс істеп, жақсы нәтижеге қол жеткізді»

Отандық ғалымдардың ұзақ жылдар бойы еңбектенген ірі жобасы Токамак қондырғысы жақында іске қосылады. Қазірдің өзінде термоядролық қондырғыны бірлесіп пайдалану жөнінде әлемнің 6 мемлекетінен ұсыныстар түскен. Осыған қатысты мәселелер таяуда Курчатов қаласында өткен халықаралық семинарда жан-жақты талқыланды.

Қазақстан ғалымдары Springer Nature базасына жыл сайын 330 ғылыми мақала жариялайды

Қазіргі таңда ғылымды дамытуда Батыс елдерінің ғылыми мәліметтер базасымен жұмыс істеудің маңызы жоғары. Отандық ғылымдардың әлемдік ғылыми қауымдастықпен тығыз әріптестік қарым-қатынас деңгейінде жұмыс істеуіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айрықша көңіл бөліп, қазақ ғалымдарының дүниежүзілік ғылыми мәліметтер базасына қол жетімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетіп келе жатқаны белгілі.

Шығыс Қазақстанда сирек металдан медицналық өнім алудың ғылыми жобалары іске асырыла бастады

Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысында инновациялық экономика құру үшін ондаған ғылыми жобаларды қолға алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ дайындаған биопрепараттарды жылыжай ісімен айналысатын шаруалар сатып алуда

Ж.Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ сырт елдерден көптеген биопрепарттарды әкеліп, аграрлық салаға қатысты заманауи технологияларды трансферменттеп еліміздің жер жағдайына бейімдеп жатыр, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

Беттер