Ғылым академиясының журналдар Clarivate Analytics базасында индекстелді

Бүгін «Ғылым ордасынның» ғимаратында ҚР Ұлттық ғылым академиясына қарасты төрт академиялық ғылыми журналына Clarivate Analytics халықаралық мәліметтер базасынна индекстелгенін айғақтайтын куәлік салтанатты түрде тапсырылды. Шараға ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов, Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры Олег Уткин, еліміздегі ЖОО ректорлары және еліміздегі ғылыми журналдардың редакторлары қатысты.

Жиын барысында сөз алған ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов еліміздегі ғылыми журналдардың дүниежүзінің іргелі ғылыми мәліметтер базасының кірігуі қазақ ғылымның оң бағытта дамып келе жатқанын айғақтайтынын алға тартты. Қазіргі таңда еліміздегі ғалымдар инфакт-факторлық көрсеткіші жоғары ғылыми журналдарға маңызды ғылыми мақалаларын жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болып жатқаны белгілі.

Енді міне еліміздегі ғылыми журналдарда Clarivate Analytics ғылыми мәліметтер базасының индексіне ие болып, үлкен белесті бағындырды. Алдағы уақытта отандық ғалымдардан бөлек өзге елдердің ғалымдары қазақстандық ғылыми журналдарға ғылыми мақалалар жариялауға ықылас танытатын күн алыс емес.

Осы ретте Қазақстан ғылымның әлемдік ғылыми қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуына «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ерекше еңбек сіңіріп жүргені белгілі. Бұл турасында алыстан арнайы келген мейман Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры Олег Уткин мырза Қазақстан ғылымның ынтымақтастық аясын кеңейтуде көптеген жұмыстарды атқарып келе жатқан «ҰМҒТСО» АҚ-ның еңбегі зор екенін айрықша атап өтті.

Осылайша ҚР ҰҒА қарасты төрт академиялық журналы ғылыми журналдарға қойылатын талаптарды толықтай орындап,Clarivate Analytics халықаралық мәліметтер базасында индекстелді.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

Дата публикации: 
15.05.18