Жастардың интелектуальді білімі сыналды

Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастыру басқармасының қызметкерлері әйгілі «Что. Где. Когда?» интелектуальді тапқырлар ойынының іземін өздерінің білімдерін сынады.

Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастыру басқармасының қыз-жігіттері ұйымдастырған интелектульді ойынға «ҰМҒТСО» АҚ-ы вице-президенттері Ләйлә Әбубәкірова мен Алмас Гаухар қатысты. Ойын барысында шараны ұйымдастырушылар Қазақстынның ғылым, әдебиеті, слат-дәстүрі және Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысына қатысты қиын сұрақтарды қойып, сайыскерлерді біліктілігі сыналғанына куә болдық.

Ойын нәтижесінде сайыскерлер 11 сұрақтың 6 жауап беріп, жеңімпаз атанды.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара «ҰМҒТСО» АҚ-ы қызметкерелеріне мерекелік көңіл күй сыйлағанын айта кетуіміз керек.  Шара соңында «ҰМҒТСО» АҚ-ы вице-президенті Ләйлә Пернебайқызы ойын барысында тапқырлық тантықан сайыскерлерге арнайы сыйлықтар тапсырып, орталықта қызмет ететін жастардың білігі мен біліктілігі әрқашанда жоғары болуы керектігін айтты.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі 

Дата публикации: 
28.04.18